Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба ұзартылды

Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба ұзартылды

        Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 шілдеден бастап Еуразиялық экономикалық одақ аумағында қадағалау тетігін енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылғанын еске салады.

       Пилоттық жоба шеңберінде қадағалау жүзеге асырылатын тауарлардың тізбесіне сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар) 11 коды енгізілген.

       Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 44 шешімімен пилоттық жобаны іске асырудың аяқталу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды.

       Бұл шешіммен сілтеме арқылы танысуға болады

https://kgd.gov.kz/ru/news/o-vnesenii-izmeniy-v-reshenie-soveta-vraziyskoy-ekonomicheskoy-komissii-ot-21-yanvarya-2022

       ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ