
2023 жылғы 3 - 5 мамыр аралығында Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Орталық кеден зертханасымен бірлесіп «ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша мынадай топтағы 40, 73, 84, 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 94, 95, 96 тауарларға кедендік сараптама тағайындау кезінде қызметкерлердің құжаттары мен материалдарының топтамасын қалыптастыру» тақырыбында қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – Кедендік сараптамаға жіберу үшін құжаттар топтамасын қалыптастыру.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Семинар тыңдаушылары үшін Polycom арқылы дәріс оқылды, дәріскер ретінде:
- Оспанов Айтказы Ергазинович –ҚР ҚМ МКК ОКЗ техникалық және технологиялық сараптама бөлімінің басшысы сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылардың тарапынан лекторға сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша қорытынды білімі өткізілді, 86 қатысушылар біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттарын алды.