7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды

7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды

      Мереке күндеріне байланысты 2023 жылғы 7 және 9 мамырда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғаларды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

    Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

    Тасымалдаушылардан және шекараны кесіп өтуге барлық ниет білдірушілерден енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.