Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану туралы хабарламаны ұсыну мерзімдері ұзартылды

Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдану туралы хабарламаны ұсыну мерзімдері ұзартылды

      Бүгінгі күні бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі анықталды.

      Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың арнайы салық режиміне (АСР) көшуге шешім қабылдаған ҚҚС төлемеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін өзінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) қолданылатын салық режимі туралы хабарламаны (бұдан әрі – хабарлама) ұсынуы тиіс.

    ҚР Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілгенге дейін хабарламаны ұсыну мерзімі ұзартылатын болады (ресми жарияланған сәттен бастап күнтізбелік 10 күн).

    Нақты күні туралы қосымша хабарлаймыз.

     Бұл ретте бөлшек салықтың АСР-не ауысу үшін ретроспективті түрде, мысалы, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап хабарламасының «G.Бөлшек салықтың АСР-не» 2-бөлімінде «В. АСР қолдану шарттарына сәйкес келмейтін»  себебі кқрсетіледі және күні 2023 жылдың 1 қаңтары көрсетіледі. Бұл осы режимді 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға мүмкіндік береді.

     Көрсетілген салық режиміне көшу үшін ҚҚС төлеушілер ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін МКБ-ға хабарламалар ұсынады (2-бөлімде «G.Бөлшек салық АСР-не» және «А. ерікті шешім қабылдау себептері» белгісі бар). Сондай-ақ, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы және ҚҚС бойынша есептен шығару туралы салықтық өтініш ұсынылады.

     Мемлекеттік кірістер комитеті жоғарыда аталған барлық құжаттарды МКБ-на қағаз түрінде, пошта арқылы немесе «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы ұсынуға болатынын хабарлайды.

     Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық МКБ құжаттарды 2023 жылғы 29 сәуірдегі демалыс күні сағат 13:00-ге дейін қабылдайтынын хабарлаймыз.

    Кейінгі кезеңдерден бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысатын салық төлеушілер хабарламаны әдеттегідей ұсынады.