
Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.
Жобаны әзірлеу енгізілген өзгерістерді ескере отырып, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні Заң нормаларына сәйкес келтіру мақсатында жүргізілді.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Іске асырудың мақсаты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналасқан.
Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2023 жылғы 27 сәуір.