«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына ПРЕСС-РЕЛИЗ

«Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығына ПРЕСС-РЕЛИЗ

       

       «Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы  бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды (салымдарды) ашу және иелену, сондай-ақ қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді қабылдайтын адамдар активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсыру қажеттілігін көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 631-бабына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-2-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес келтіру мақсатында, онда банктік салым сомасына қарамастан, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі шетелдік банктерде ақшасының бар-жоғы, сондай-ақ бағалы қағаздар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі туынды қаржы құралдары (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда), цифрлық активтер туралы ақпаратты көрсетіледі. 

       Бұйрық 2023 жылдың 21 ақпандағы №31939 бұйрық Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкінің (http://zan.gov.kz/client/#!/doc/178775/kaz ) интернет-порталында орналастырылған.