Алматы қаласында "Жібек жолы" халықаралық салық форумы өтті

Алматы қаласында "Жібек жолы" халықаралық салық форумы өтті

2023 жылғы 22-23 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті салықтар және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықпен бірлесіп, Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласында "Жібек жолы" салық форумын өткізді, оған мемлекеттік және жеке сектор өкілдері, сондай-ақ салық сарапшылары қатысты.

​          Ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі Азамат Әмірин және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов сөз сөйледі.

ҚР ҚМ МКК төрағасы өзінің құттықтау сөзінде бұл алаң салық және салық салу саласындағы аса өзекті мәселелерді талқылау үшін тамаша мүмкіндік болып табылатынын және салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге бағытталған ауқымды мақсаттары бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның салық жүйесі серпінді қарқынмен дамып келе жатқанын, салықтық әкімшілендіру мен қызметтерді цифрландыру процестері іске асырылып жатқанын, сонымен бірге салық салу тәртібін оңайлату арқылы экономиканың нақты секторының экономикалық өсуін ынталандыратын салық тетіктері жетілдіріліп жатқанын айтты

Форумға Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Грузия салық әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Форумға қатысушылар салықтық әкімшілендірудің негізгі мәселелерін талқылады: өңірлік экономикалық даму және фискалдық саясаттың жалпы факторлары, халықаралық тікелей салық саясатының мәселелері, жанама салық салу саясаты мен әкімшілігі, аймақтық сауданы ілгерілету және заңсыз саудаға қарсы тұру үшін сауда және салық саясатын үйлестіру.

Орталық Азия мен Грузия мемлекеттері арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейінгі 30 жыл ішінде өңіраралық ынтымақтастық көптеген салалар мен секторларда ілгерілеп, көпжақты әріптестіктің үлгісі болып табылады. Қатысушылар салықтық әкімшілендірудің негізгі тақырыптары бойынша өңірлік көзқарас пен ынтымақтастықты дамытудың айрықша маңыздылығын растады, сондай-ақ сауда және салық саясатын үйлестіруде бірлескен іс-қимылдарды күшейтуге мүдделілік білдірді.

​