«Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрықтың жобасына баспасөз хабарламасы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларын, сондай-ақ әлеуетті фискалдық деректер операторына қойылатын біліктілік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 тамыздағы № 808 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталған бұйрықтың жобасында Фискалдық деректер операторының тізбесіне (тізбесінен) қосу (шығару) қағидаларына өзгерістер мен толықтыру енгізіледі.
Бұйрық https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14400649 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 06.02.2022 жылы орналастырылған.