
2023 жылғы 13 ақпанда, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінде ҚР ҚМ МКК төрағасы Данияр Жаналинов ДКҰ әлеуетін арттыру департаментінің Директоры Доктор Таиль Кангпен кездесті.
ҚР ҚМ МКК төрағасы МКК ДКҰ-ның әлеуетті арттыру жөніндегі құралдарын қолдай отырып, Дүниежүзілік кеден ұйымымен ынтымақтастыққа көп көңіл бөлетінін атап өтті.
Доктор Таиль Канг төрағаға кездесу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан ынтымақтастық кезінде кедендік әкімшілендіруде айтарлықтай прогреске қол жеткізгенін атап өтті. Автоматтандырылған процестерді енгізу ұйымға мүше көптеген елдер үшін ең жақсы тәжірибенің мысалы бола алады, деді ол.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР ҚМ МКК мен ДКҰ арасында қызметтің негізгі мәселелері бойынша одан әрі ынтымақтастықты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Күннің екінші жартысында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығында виртуалды шындық жабдығының көмегімен оқыту бойынша жобаны іске қосу рәсімі өтті. Бұл жабдық импортталатын контейнерлік жүктерді тексеруді үйретуге арналған.
Ашылу салтанатында ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов пен доктор Таиль Канг құттықтау сөз сөйледі.
Бақытжан Слямов Дүниежүзілік кеден ұйымына, сондай - ақ Кореяның кеден қорына берілген жабдық үшін алғысын білдіріп, виртуалды шындық технологияларын пайдалану-біздің қызметкерлер оқытудың заманауи тәсілін біле алатын болашаққа терезе екенін атап өтті. Білім беру үдерісіндегі инновациялар оқу орталығының жаттықтырушыларына оқытудың заманауи тәсілдерін, әдістері мен модельдерін жасауға мүмкіндік береді.