«Қаржы басқарушысының қорытындыларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

«Қаржы басқарушысының қорытындыларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Қаржы басқарушысының қорытындыларының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) және 4)-тармақшаның, 24 және 43-баптарын іске асыру мақсатында әзірленді, оған сәйкес қаржы басқарушысының қорытындыларының нысандарын уәкілетті орган бекітеді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 27 қаңтарыңда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 10 ақпанға дейін.