
Мемлекеттік кірістер комитеті 2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап 3 ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан пиязды әкетуге тыйым салынғанын еске салады (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 28 қаңтардағы №31799 бұйрығы).
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Батыс Қазақстан облысында "Сырым" автомобиль өткізу пунктінде (Қазақстан-Ресей шекарасы) Шымкент қаласынан және Жамбыл, Түркістан облыстарынан пиязды тасымалдаған 23 ауыр жүк автокөлік құралының шығуына жол берілмеді. Аталған автокөлік құралдарының жүргізушілеріне тыйым салынғаны туралы хабарланды.
Қазіргі уақытта пиязды жөнелтушілерге қайтару немесе оны Қазақстанның басқада облыстарына сату туралы мәселе шешілуде.
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-5-бабына сәйкес, тауарларды әкетуге тыйым салудың сақталуына Мемлекеттік кірістер органдарымен бақылау жүзеге асырады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында мынадай тауарларды әкетуге тыйым салынғанын қосымша хабарлаймыз: