Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрық жобасы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрық жобасы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Қаржы басқарушысының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот банкроттығы рәсімдеріндегі қызметін мемлекеттік бақылау саласында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  бірлескен бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді, оған сәйкес бақылау субъектісіне барып тексеруді және профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен айқындалады.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 26 қаңтарында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 9 ақпанға дейін.