«Деңгейлес мониторинг жөніндегі пилоттық жобаны жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен жоба – «Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 1017 Жарлығына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының                            1-1-тармағына сәйкес келтіру.

Тәжірибе көрсеткендей, пилоттық жобаны енгізудің үш жылдық мерзімі жеткіліксіз болып табылады, себебі тарихи деректерді зерттеу процесі ұзақ уақытты алады.

Сондай-ақ пилоттық жобаға қатысушылардың ақпараттық жүйелерін зерделеу нәтижелері оларды талаптарға сәйкес келтіру үшін ағымдағы мерзімдердің жеткіліксіздігін көрсетеді.

Сонымен қатар, халықаралық практикада мемлекеттік кірістер органдары мен салық төлеушілер арасындағы кеңейтілген өзара іс-қимылдың жаңа форматын енгізу (пилоттық жоба) орта есеппен төрт жылдан жеті жылға дейін жүзеге асырылады.

Деңгейлес мониторинг платформасын енгізу және әзірлеу қатысушының пилоттық жобаға кіруінің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты өзара іс-қимылдың ақпараттық жүйесін енгізу және (немесе) әзірлеу жөніндегі жұмыстар жоба алдындағы жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады.

         Осы жоба 2022 жылғы 11 қазанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталына  (http://legalacts.egov.kz) орналастырылған.

         Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 26 қазанға дейін.