2022 жылғы қызмет қорытындысы бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде кеңейтілген алқа отырысы өткізілді

2022 жылғы қызмет қорытындысы бойынша  ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде кеңейтілген алқа отырысы өткізілді

Бүгін, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен Данияр Жанәліновтың төрағалығымен 2022 жылғы қызмет қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өткізілді.

Республика бойынша Мемлекеттік кірістер органдары жұмысының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ ағымдағы жылға арналған міндеттер айқындалды және тапсырмалар берілді.

Кеңес барысында Данияр ЖанәліновМемлекеттік кірістер органдарының көрсеткіштері бойынша негізгі жетістіктерін атап өтті.

2022 жылғы мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 103,9% орындалды (жоспар бойынша 14 283,1 млрд. теңге, 560,3 млрд. теңгеге асыра орындаумен 14 843,3 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 38,4% немесе 4 119,0 млрд. теңгеге өсті.

Алқа қорытындысы бойынша аумақтық департаменттерге бюджетке салықтық және кедендік түсімдер жоспарын орындау, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыру тапсырылды.