"Салық төлеуші кабинетінде" SSL-сертификатының жыл сайынғы жаңартылуы өтті

"Салық төлеуші кабинетінде" SSL-сертификатының жыл сайынғы жаңартылуы өтті

2022 жылғы 27 желтоқсанда "Салық төлеуші кабинеті" Web-қосымшасында SSL-сертификатын жаңарту бойынша жыл сайынғы жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Жаңартуға байланысты салық төлеушілерде авторизация кезінде қорғалмаған қосылу туралы хабарлау терезесі шықты. Бүгінгі күні SSL-сертификатын ауыстыру бойынша барлық жұмыстар аяқталды. Салық төлеушінің кабинеті штаттық режимде жұмыс істейді.

 

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!