«Салық саласындағы үлкен деректерді басқару және қолдану» тақырыбында өткен вебинар

«Салық саласындағы үлкен деректерді басқару және қолдану» тақырыбында өткен вебинар

2022 жылғы 21 желтоқсанда ҚР ҚМ МКК ОӘО Өңірлік салық орталығы BRITACOM Хатшының қолдауымен, сондай-ақ ҚР ҚМ МКК ХЫБ көмегімен «Салық саласындағы үлкен деректерді басқару және қолдану» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинардың мақсаты – салық әкімшілігінің үлкен деректерін басқару және қолдану бойынша өзекті мәселелерді талдау болып табылады.

ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының басшысы – Казакпаева Бахытгуль Джумабаевна вебинардың ашылуында құттықтау сөз сөйледі.

Семинардың өзектілігі басқа елдердің жаңа үрдістері мен тәжірибесіне, сондай-ақ салық инспекциясы қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру және тиімділігі үшін үлкен деректерді басқаруға байланысты.

Вебинар "ZOOM" платформасында орыс және ағылшын тілдерінде синхронды аудармашыны тарта отырып өткізілді.

Вебинардың спикері – Siemens AG салық бөлімшесінің жаһандық басшысы, ICC салық комиссиясының төрағасы – профессор Кристиан Кесер болды.

Вебинарға ҚР аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері – 90 адам, ОӘО өкілдері – 4 адам қатысты.

Вебинарға қатысушылар үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша проблемалық сұрақтарды талқылауға және оларға жауап табуға мүмкіндік алып, осы бағытта пікір алмасты.