
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің (https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443/esf-web/login) сынақ серверінде «Орындалған жұмыстар актілері» модулі бойынша өзгертілген функционалға қол жетімді екендігін назарларыңызға жеткізеді. Орындалған жұмыстардың электрондық актілерімен жұмыс істеу жөніндегі функционалға (бұдан әрі – ОЖА) келесі өзгерістер енгізілді:
1. ОЖА 2 нұсқасының үзіндісі
G2.1 «есеп жүйесіндегі жұмыстар мен қызметтердің атауы-толтырылуға міндетті емес»;
G2.2» ВҚҒА құрамдас коды – толтырылуға міндетті»;
G3 «жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) күні» - егер 3-жол жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) күні толтырылмаса, міндетті.
жолдар қарастырылды:
24. «Тапсырыс берушіден алынған қорларды пайдалану туралы мәліметтер»
24.1 «Атауы, саны, құны»
24.2 «Қосымша: Құжаттамалар тізбесі, оның ішінде маркетингтік, ғылыми зерттеулер, консультациялық және өзге де қызметтер туралы есеп(тер) (олар болған кезде міндетті) _ беттер»
4.1 «Өзгерістер енгізілетін үзіндінің жасалған күні»
4.2 «Өзгерістер енгізілетін құжаттың нөмірі (есепке алу жүйесінде)»
4.3 «Өзгерістер енгізілетін ОЖА тіркеу нөмірі»;
Бұдан басқа, бухгалтерлік есепті жүргізу Қағидаларының
25-тармағына сәйкес (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығы) түзетулер тек операцияларға қатысушылардың келісімі бойынша енгізілетініне, бұл түзетулерді енгізу күні көрсетілген құжаттарға қол қойған сол тұлғалардың қолдарымен расталатындығын назарға саламын.
Бұл ретте ЭШФ АЖ-да бұрын операцияға қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (негізгі ОЖА-ны жазып беретін/қол қоятын) түзетілген ОЖА-ға қол қою мүмкіндігі іске асырылған.
Өзгертілген функционалмен танысуды және қажет болған жағдайда 2023 жылдың 20 қаңтарына дейінгі мерзімде өз есеп жүйелеріндегі осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. 2023 жылдың
20 қаңтарынан бастап ОЖА бланкісінің жаңа нұсқасы ЭШФ АЖ веб-порталында қолжетімді болады.
Әзірлеуші жинағы (ОЖА жаңартулары бар SDK) МКК-нің https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web-prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-1 сайтынан жүктеп алуға болады.
Пайдаланушының ОЖА-мен жұмыс істеу жөніндегі жаңартылған нұсқаулығымен осы https://kgd.gov.kz/ru/content/dokumenty-po-esf-1 сілтемесі арқылы танысуға болатынын айта кеткеніміз жөн.
ОЖА-ның жаңа нұсқасымен жұмыс істеу жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда esfsd@kgd.minfin.gov.kz. электрондық поштаға хабарласуларыңызды сұраймыз.