«Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2022 жылғы 4 мамырдағы № 467 бұйрығына өзгерістер енгізу

2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімін өзгерту мақсатында «Екінші деңгейдегі банктердің тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекіту туралы» 2022 жылғы 4 мамырдағы № 467 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасын әзірледі.

Атап айтқанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабына сәйкес аталған бұйрықтың 3 және 12-қосымшалары жаңа редакцияда жазылды.

Бұл бұйрық ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14339747 2022 жылдың 13-ші желтоқсанында орналастырылған.