Транзиттік декларацияны толтыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу

Транзиттік декларацияны толтыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу

2022 жылғы 20-22 желтоқсан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы Комитеттің Бақылау департаментінің транзит басқармасымен бірлесіп «Транзиттік декларацияны толтыру тәртібін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу» тақырыбында Polycom БКБ арқылы қашықтықтан семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне транзит бойынша жұмыстың негіздері, тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру.

         Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің  қызметкерлері қатысты.

          21 желтоқсан сағат 10.00-де қашықтықтан оқыту тыңдаушылары үшін  дәріс оқылды.  

Дәріскер ретінде - Каскенов Асхат Даулетханович, МКК Бақылау департаментінің транзит басқармасының сарапшысы қатысты.

Семинарға қатысушылардың тарапынан дәріскерге сұрақтар қойылып, оларға толық жауаптар берілді.

           Іс-шара қорытындысы бойынша 118 қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.