2022 жылғы 2325 желтоқсан аралығында Алматы облысы бойынша МКД ұсынысы бойынша

2022 жылғы 2325 желтоқсан аралығында Алматы облысы бойынша МКД ұсынысы бойынша

2022 ж. 23- 25 желтоқсан күндері Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысымен, Алматы обл. Ішкі Істер департментімен және Алматы обл. бойынша Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлескен салықтық берешегі бар борышкерлер бойынша, Іле және Талғар ауданының маңындағы республикалық маңызы бар күре жолдың бойында өтетін «Борышкер» атты рейдтік іс-шара жүргізілуде.

Шара барысында көлік құралдары салығын төлемеген жеке тұлғалардың көлігін Жеке сот орындаушысының айып тұрағына қою туралы Қаулысының негізінде айып тұрағына қойылып, салығын төлету жұмыстары атқарылады.

Бүгінгі күні Алматы облысы бойынша 35 461 жеке тұлғаның 2,1 млрд.теңге салыққа берешегі бар.

Жыл басынан Жеке сот орындаушыларына  1,3 млрд.теңгеге 42 217 салықтық бұйрық шығарылып жіберілді.

Өткен жылдарда қарызы бар жеке тұлғаларды қоса алғанда жыл басынан бері 153 690 жеке тұлғадан 2,6 млрд.теңге салық өндірілді. Мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары жалғасуда.

@kgdmfrk