Депутаттар бастамашылық еткен Заң жобасына әзірленген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

Депутаттар бастамашылық еткен Заң жобасына әзірленген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 748 бұйрығымен бекітілген Реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды жүргізу және пайдалану қағидаларының 26 және 27-тармақтарына сәйкес ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары бастамашылық еткен «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына әзірленген реттеушілік әсерді талдау нәтижелерін «on-line» режимде қоғамдық талқылау өткізу жоспарлануда.

Талқылау 2020 жылғы 16 наурыз күні сағат 9.00-ден бастап 19 наурыз күнгі сағат 9.00-ға дейін өтетін болады.