Құрметті Ғалым-Ғали Сатқалиұлы!ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы мен ұжымы Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен шын жүректен құттықтайды және көп жылғы жемісті еңбегіңіз үшін алғыс білдіреді!

       Ғалым-Ғали Сатқалиұлы жұмыс барысында өзін сауатты және жоғары білікті маман, адал, жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Өзінің еңбекқорлығымен, іскерлік қасиеттерімен, адамдарға мұқият қарауымен және өзіне деген талапшылдығымен ұжымда бедел мен құрметке ие болды.

      Ғалым-Ғали Сәтқалиұлы еңбек сіңірген жылдар ішінде бірнеше рет Құрмет грамоталарымен және «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісімен марапатталды.

     ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, сарқылмас қуат, отбасыңызға амандық, барлық тілектеріңіздің орындалуын тілейді.

    Ізгі тілекпен ҚР ҚМ МКК ұжымы