«Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»

«Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»

         

        Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына 223 МКБ арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың қараша айында конкурс өткізді.

        Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу жолымен өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

  • Жеке деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
  • Қойылған сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
  • Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне жауап беру қабілеті

        Бұл конкурс Қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және мемлекеттік кірістер органдарының көрсетілген қызметтерінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

       2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлері»:

       Әбілдаев Қадірсіз Қырықбайұлы – Жетісу облысы бойынша МКД Кербұлақ ауданы бойынша МКБ салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы.

      Мемлекеттік кірістер органдарындағы жұмыс өтілі 29 жылдан астам.

      Қадірсіз Қырықбайұлы ізгі ниет, достық, сауаттылық, мақсаттылық, деректердің үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті, өз жұмысын білетін қызметкер сияқты қасиеттерге ие. Ұжымда құрметке ие, өз үлгісімен жас ұрпақты қойылған міндеттерді орындауға ынталандырады.