«Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»

«Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері»

       Мемлекеттік кірістер комитеті «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкері» атағына 223 МКБ арасында ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың қараша айында конкурс өткізді.

        Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу жолымен өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

  • Жеке деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
  • Қойылған сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
  • Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне жауап беру қабілеті

        Бұл конкурс Қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және мемлекеттік кірістер органдарының көрсетілген қызметтерінің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

        2022 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша «Қызмет көрсету орталығының үздік қызметкерлері»:

        2022 жылдың қараша айында
       «Байланыс орталығының үздік қызметкері» атағына конкурс өткізілді, оның қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша МКД түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасы бас маманы – Сейдазым Әйгерім Бекбосынқызы Үздік қызметкер болып танылды. Әйгерім Бекбосынқызының мемлекеттік кірістер органдарындағы жұмыс өтілі 6 жылдан астам.

        Жұмыс барысында өзін жауапты, сауатты маман ретінде көрсетті. Тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.

        Ағымдағы жылдың қараша айында 990 қоңырау қабылдады, оның ішінде өтініш білдірген азаматтардың 99,2%  жұмысын оң бағалады.