"Достық" автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесі іске қосылды

"Достық" автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесі іске қосылды

      "Достық" автомобиль өткізу пунктінде электрондық кезек жүйесі іске қосылды

     ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҚР ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, 2022 жылғы 23 қарашадан бастап Қытаймен шекарада "Достық" автомобиль өткізу пунктінде ("Алашанькоу" шекаралас өткізу пункті) электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесін пилоттық іске қосу жоспарлануда.

     Ол үшін мемлекеттік органдар Қазақстаннан шыққан кезде автомобиль көлік құралдарын өткізуді ұйымдастырудың уақытша схемасын бекітті. Ағымдағы жылдың 23 қарашасынан бастап мұнда Qoldau.kz платформасының немесе "Сargoruqsat" мобильді қосымшасының (IOS немесе Android) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі пайдаланылатын болады.

     Электрондық кезек жүйесін құрудың мақсаты көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың өткізу пунктіне кіру кезектілігін қалыптастыру процесінің ашықтығы мен цифрландырылуын қамтамасыз ету болып табылады.

    Жүйені ҚР Қаржы министрлігінің "Ақпараттық-есепке алу орталығы" АҚ мамандары әзірледі. Бұл жүйе барынша ыңғайлы және ашық болып табылады, жүргізуші көрсетілген порталда немесе мобильді қосымша арқылы тіркелгеннен кейін жол жүру үшін бос күн мен уақытты таңдайды. Бұл ретте жүргізуші өз кезегі туралы SMS-хабарлама алады.

    Пилоттың қорытындысы бойынша Мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша электрондық кезек жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарлануда.