Кедендік реттеу бойынша реттеуші актілерді талдау (қайта қарау) бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Кедендік реттеу  бойынша реттеуші актілерді талдау (қайта қарау) бойынша  ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Қаржы министрлігімен ағымдағы жылдың 14 қазаны бойынша  «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің қатысуымен салықтық және кедендік реттеу мәселелері бойынша реттеушілік актілерге талдау (қайта қарау) жүргізу үшін кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша шаралар әзірлеу бойынша жұмыс тобы мүшелерімен (бұдан әрі - ЖТ) ұсынылған нәтижелерді қарау бойынша «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі - Кодекс) талаптарын талдау нәтижесін қарау бойынша отырыстар өткізілді.

     Кодекстен кәсіпкерлік субъектілеріне  3264 міндетті талаптар анықталды.

    ЖТ мүшелерімен бірлесе талқылау нәтижесінде 16 талапты өзгерту және 3 талапты  жою қажеттілігі туралы шешім қабылданды.

    24 талап бойынша келіспеушіліктер бар.

    Салықтық және кедендік реттеу салаларында заңға тәуелді актілердің талаптары бойынша ЖТ отырыстары жүргізілуде.