
Қаржы министрлігімен ағымдағы жылдың 7 қазаны бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы өкілдерінің қатысуымен салықтық және кедендік реттеу мәселелері бойынша реттеушілік актілерге талдау (қайта қарау) жүргізу үшін кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша шаралар әзірлеу бойынша жұмыс тобы мүшелерімен (бұдан әрі - ЖТ) ұсынылған нәтижелерді қарау бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстің (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы талаптарын талдау нәтижесін қарау бойынша отырыстар өткізілді.
Яғни, Салық кодексінен кәсіпкерлік субъектілеріне 5369 міндетті талаптар анықталды, оның ішінде ЖТ мүшелерінің бағалауы бойынша – 6 талап өзгерістер енгізуді талап етеді.
Реттеу саласындағы заңға тәуелді актілер бойынша бастапқы шартқа сай келетін 7887 талаптар анықталды, оның ішінде 7 талапқа өзгерістер енгізу қажет.
12 талап бойынша келіспеушіліктер бар. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жолданды.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексті қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы кәсіпкерлік субъектілеріне 238 міндетті талаптар анықталды, ЖТ мүшелерімен өзгерістерді немесе жоюды талап ететін талаптар анықталмады.