
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 «Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізілуде
«Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындыны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрық жобасы
НҚА-ны әзірлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі)
152-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілді.
НҚА-ны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
НҚА-ны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
НҚА ағымдағы жылғы 16 қарашадан 30 қарашаға дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (http://legalacts.egov.kz) орналасқан (14297990).