
2020 жылдың 17 - 19 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Салықтық әдіснама департаментімен бірлесіп «ҚР салық және салық салу» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – арнайы салық режимі бойынша салық заңнамасының өзгерістерін және электрондық шот-фактураларының жазып беру принциптерін, негіздерін және жүргізу ережелерінің тәртібін, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жүргізу мәселелерін түсіндіру.
Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Биекенов жұмыс атқарды.
Семинарға тыңдаушылар ретінде мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.
Дәріскерлер ретінде:
Айгуль Ибрагимова –ҚР ҚМ МКК Кәсіпкерліктің жекелеген түрлеріне салық салу басқармасы басшысының орынбасары;
Гульжан Шаяндина – ҚР ҚМ МКК Әдіснама басқармасы басшысының орынбасары;
Сырғабаев Ермек - ҚР ҚМ МКК Салық аудиті басқармасы басшысы орынбасарының м. а . қатысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.