
Ағымдағы жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Маңғыстау облысы, Қарағанды облысы және Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің (бұдан әрі- МКД) және ҚР ҰҚК ШҚ-нің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері қатысқан, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы 5 күндік күндізгі оқу курсы Маңғыстау облысы бойынша МКД өтті.
Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру және сканерленген суреттерге РТҚ (Рентген-телевизиялық қондырғы) операторлары ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен, біліктілік талдауын жүргізу.
Курстың мақсаты: сканерлеу жабдығын пайдалану, қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.
Курстың алғашқы күні ОӘО – ның басшы орынбасары Касымкулова Л.Т. курсқа қатысушыларды тіркеу және ашылуымен бастады. Ол қатысушыларды “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырды.
Оқу барысында түрлі бұрыштарда ұсынылған қауіпті заттарды тануды жақсарту мақсатында, көзге арналған түрлі тапсырмалар қолданылды. Бірінші күннің соңында, Цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімі қатысушылардың оқу нәтижелерін болжау және білім деңгейін анықтау мақсатында алдын – ала тестілеу өткізді.
Келесі күндері ықтимал қауіпті жолаушыларды анықтау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын – алу және анықтау әдістерін профильдеу, сондай – ақ жарылғыш заттарды, қару – жарақ пен оқ – дәрілерді анықтау және іздеу бойынша практикалық жаттығулар, тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды алып өту әрекеттерінің жолын кесу тақырыптарына дәріс өткізілді. Сондай-ақ, тыйым салынған заттарды (граната, синтетикалық есірткі, пышақ, қолдан жасалған жарылғыш заттар) анықтауға арналған, көру арқылы есте сақтау тапсырмаларын орындады.
Сканерлеу жабдықтарымен жұмыс істеуге және рентгендік құрылғылардың суреттерін талдауға оқыту теориялық және практикалық сабақтар түрінде өтті. Оқытудың практикалық бөлігінде курс тыңдаушылары Ақтау әуежайында рентген телевизиялық қондырғыларда жұмыс істеді.
Семинарға қатысушылар "RAPISCAN" рентген машинасының суреттерін талдауды, Ақтау-Горган, Ақтау-Тбилиси, Стамбул-Ақтау, Баку-Ақтау авиарейстерінің багажы мен жолаушыларын сканерлеуді үйренді.
Оқытудың практикалық бөлігі барысында курс тыңдаушылары Ыстамбұлдан декларацияланбаған алтын бұйымдарды әкелу фактілерін анықтады. Сонымен қатар, қол жүктерін тексеру және кедендік бақылау жүргізу кезінде 10.000 АҚШ долларынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкету фактілері анықталды.
Курс екі бөлімнен тұратын:
- «Trefox» бағдарламасы бойынша – теориялық бөлім (48 сұрақ);
- «Simfox» бағдарламалық өнім арқылы – практикалық бөлім (25 сөмке) тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталды.
Оқыту іс – шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО – ның қызметкерлері:
- Касымкулова Л.Т. – ОӘО басшысының орынбасары;
- Ислямова Ж. М. – біліктілікті арттыру және кәсіби даярлық бөлімінің басшысы м. а.
Оқу курсы, жоспар кестесіне сәйкес өткізіліп, үзіліссіз жүзеге асырылды.
Арнайы курстың қорытындысы бойынша Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарының шекара және кеден қызметтерінің 24 қызметкері оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат алды.