28 млн. теңгеден асатын қолма-қол ақшаны қазақстандық Грузияға заңсыз алып өтпек болған

28 млн. теңгеден асатын қолма-қол ақшаны қазақстандық Грузияға заңсыз алып өтпек болған

     

          Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай Атырау» кеден бекетінің қызметкерлерімен және Атырау облысы бойынша тергеп-тексеру Департаменті қызметкерлерімен бірлесе отырып 2022 жылдың 3 қарашада «Атырау-Кутаиси» халықаралық рейсімен ұшу барысында жолаушылардың қол жүктеріне «RAPISCAN» рентген телевизиялық аппараты арқылы кедендік бақылау жүргізу кезінде, Қазақстан Республикасының азаматының қол  жүгінен  60700 (алпыс мың жеті жүз) АҚШ доллары, 10000 (он мың) ресей рублі және 7000 (жеті мың) теңге қолма-қол ақша анықталды. Заң бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 545-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

          Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгіленген бағам бойынша есептелген  және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.