
2022 жылғы 15 қарашада келесі нысандар бойынша салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады:
ф.101.03 - Резиденттің табысына салынатын төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі
ф.101.04 - Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі
ф.200 - Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация
ф.300 - Қосылған құн салығы бойынша декларация
ф.400 - Акциз бойынша декларация
ф.421 - Құрылымдық бөлімше немесе салық салуға байланысты объектілер үшін акциз салық есебі
ф.570 - Экспортқа рента салығы бойынша декларация
ф.590 - Пайдалы қазбаларды өндiру салығы бойынша декларация
ф.710 - Ойын бизнесі салығы және тіркелген салық бойынша декларация
ф.860 - Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық декларация
ф.870 - Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация
ф.913 - Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация
Декларацияны ұсыну тәсілдері:
Бұл ретте, есептілік тапсырудың соңғы күндерінде ақпараттық жүйе мен байланыс арналарына жүктеменің артуын болдырмау мақсатында салық есептілігін алдын-ала ұсынуға кеңес береміз. Одан бөлек, декларация ұсыну мерзімдерін ұзартуға болатынын еске саламыз.