«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына Баспасөзі релизі

«Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына  Баспасөзі релизі

       «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрықтың жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.

        Аталған бұйрық жобасын қабылдаудың мақсаты «Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығының қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты 2023-2024 жылдарға арналған Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту болып табылады.

      Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

      Аталған Жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2022 жылғы 28 қазанда орналастырылған.

      Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2022 жылғы 11 қарашаға дейін.