Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың «Nuctech Company Limited» компаниясының Вице-президенті Ван Юньган-мен кездесуі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың «Nuctech Company Limited» компаниясының Вице-президенті Ван Юньган-мен кездесуі

     Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Е.К.Жамаубаевтың «Nuctech Company Limited» компаниясының Вице-президенті Ван Юньган-мен кездесуі өтті.

    Ерұлан Жамаубаев Қазақстан-Қытай қатынастарының бүгінгі деңгейі біздің елдеріміздің достық пен стратегиялық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі көпжылдық күш-жігерінің нәтижесі екенін атап өтті.

    Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының қазақстандық учаскесінде орналасқан 9 автомобиль және 1 темір жол өткізу пунктін және Астана қаласындағы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасын жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру жұмыстары жүргізілуде.

    Нәтижесінде өткізу пункттерінің өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайтылады.

    Тараптар бұл мемлекеттік шекарада сапалы және уақтылы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылымдық жоба екенін атап өтті.

    Жаңғырту қорытындысы бойынша өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық мәселелері шешіліп, шекарадан өту кезінде мемлекеттік бақылау түрлерін жүргізудің барлық бизнес-процесін автоматтандыру жөніндегі міндеттер іске асырылатын болады.