
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы (бұдан әрі –Бұйрық жобасы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен бекітілген Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингі шеңберінде әзірленді:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы заңсыз тасымалданған тауарларға қатысты кеден операцияларын жасау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 8 ақпандағы № 139 бұйрық;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Габариттері үлкен болғандықтан немесе тиеудің, түсірудің және (немесе) сақтаудың ерекше жағдайларына байланысты кеден қоймасында орналастыруға болмайтын тауарларды кеден қоймалары болып табылмайтын орындарда сақтауға мемлекеттік кірістер органының рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 12 ақпандағы № 162 бұйрық.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 73 бұйрығына:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 16 наурыздағы № 130 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлiк басқармасы республикалық мемлекеттiк мекемесі құрылды;
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2022 жылғы 17 қыркүйектегi № 142-VII ҚРЗ Заңына сәйкес Қазақстанның астанасын өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізіледі.
Бұйрық жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14247783 2022 жылдың 30 қыркүйегінде орналастырылған.