«Дербес шоттарды жүргізу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Дербес шоттарды жүргізу Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 306 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Жобаны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзірледі.

2021 жылғы 20 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен № 85-VII «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 434-бабына «Қосылған құн салығының асып кетуін қайтару ерекшеліктері» 433-бабын Салық кодексінен алып тастау бөлігінде өзгерістер енгізілді қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығының бақылау шотын пайдаланған кезде».

Жобаны әзірлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) нормаларын енгізілген өзгерістерді ескере отырып сәйкестендіру мақсатында жүргізілді.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. http://legalacts.egov.kz).

Қаулы жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 28 ақпан.