«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге тауарларды әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкету («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге тауарларды әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағы арқылы тауарларды әкету («такс фри» пилоттық жобасы)» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрінің бұйрығының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабының 1-1-тармағы шеңберінде «Салық төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 871 бұйрығына сәйкес тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда («такс фри» пилоттық жобасы) «Esentai Mall» сауда-ойын-сауық орталығы (Алматы қ.) және Алматы қ. халықаралық әуежайы базасында «такс фри» пилоттық жобасын іске асыру жүргізілуде.

«Такс фри» пилоттық жобасын іске асырудың белсенді кезеңі
covid-19 пандемиясымен және шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағына кіруіне қойылған шектеулермен тұспа-тұс келді. 2020 жылдың қорытындысы бойынша сырттан келетін туристер саны ең төменгі деңгейге дейін төмендеді.

Осыған байланысты, «Esentai Mall» сауда нысаны базасында (Алматы қ.) «такс фри» жүйесінің операторымен «Global Blue» компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатқан пилоттық жобаның нәтижелері барлық әлеуетті ашпайды.

Елге кіру туризмін кезең-кезеңмен қалпына келтіруді, сондай-ақ стационарлық сауда объектілерінің санын кеңейтуді және пилоттық жобаға қатысатын әуежайлар санын ұлғайтуды және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) жоспарланған өзгерістерді ескере отырып, пилоттық жобаны іске асыруды қосымша 1 жылға ұзартуды орынды деп санаймыз. Бұл ұстанымды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі де қолдайды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ Түркістан облысының әкімдігі пилоттық жобаны жүргізу географиясын кеңейтуді және пилоттық жобаға қатысу үшін сауда объектілері мен халықаралық әуежайлар санын ұлғайтуды ұсынды.

Осылайша, нормативтік-құқықтық актінің жобасында пилоттық жобаны жүргізу мерзімін 1 жылға (2023 жылғы шілде) ұзарту, сондай-ақ пилоттық жобаны жүргізуге қатысушылар саны мен аумағын кеңейту ұсынылады.

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.

Жобаны қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғамайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Іске асырудың мақсаты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтары арқылы тауарларды әкетуді қоспағанда, тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкету кезінде шет мемлекеттердің азаматтары болып табылатын жеке тұлғаларға қосылған құн салығының сомасын өтеу жолымен Қазақстанда туризмді дамыту және шетелдік туристерді тарту болып табылады («факс фри»).

Жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.

Жоба мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналасқан. http://legalacts.egov.kz).

Бұйрық жобасын жария талқылау мерзімі 2022 жылғы 20 мамыр.