
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабарлады. Өзгерістер ағымдағы жылдың 22 қазанынан бастап қолданысқа енеді.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 6 қазандагы № 1040 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 7 қазандағы
№ 30077) «Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және олардың құжат айналымының қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1104 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Бұйрыққа сілтеме: https://kgd.gov.kz/ru/content/zakonodatelstvo-1
Қағидаларға мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Бұл ретте пилоттық жобаны өткізу мерзімі 2022 жылғы 1 қарашадан басталып, 2023 жылғы 1 сәуірге дейін жүргізіледі.