
«Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін - салық берешегі есебіне, төлеушінің - кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешегі есебіне өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 111 бұйрық жобасының баспасөз релизі (бұдан әрі-бұйрық жобасы).
Бұйрық жобасы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, оған сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олар тіркелген нөмірлерді, сондай-ақ оларды қабылдау күндерін көрсету талап етілмейді.
Бұдан басқа, бұйрық жобасына сыбайлас жемқорлық құқық нормаларын болдырмау мақсатында өзгерістер енгізілді, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу процесінің созылуын болдырмайтын мерзімдерді қысқарту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұл жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылғы 17 мамыр орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 31 мамырға дейін.