Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2018 жылғы 13 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің

2018 жылғы 13 ақпандағы № 171 бұйрығына

өзгерістер енгізу туралы

баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында Мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 171 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығын әзірледі (Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 10 маусымдағы №575 бұйрығы, бұдан әрі – №575 Бұйрық).

2010 жылы АҚШ-та, АҚШ салық төлеушілерінің шетелдік қаржы шоттарына жататын кірістерді жасыруды жою мақсатында «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» Заң қабылданды (Foreign Account Tax Compliance Act - FATCA).

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімге 2017 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылды және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 10 наурыздағы №108-VII Заңымен ратификацияланған, ол 2022 жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енді.

Келісімді Қазақстан Республикасының аумағында іске асыру мақсатында жоғарыда көрсетілген №575 бұйрық әзірленді. Осы бұйрыққа сәйкес қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының уәкілетті органына (Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті) қажетті ақпаратты ұсынатын болады.

Осы бұйрық 29.04.2022 жылы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14084702.