
«Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы
туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Орынбасары – Қаржы министрі бұйрығына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
«Жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары, сондай-ақ мұраға құқықтылығы туралы берілген куәліктері бойынша мәліметтерді нотариустардың ұсыну нысанын, қағидаларын және мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 212 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 13 қыркүйектегі № 948 бұйрығымен енгізілген толықтыру мемлекеттік тіркеуден өтті.
Толықтыру бұйрықты нотариустардың жеке тұлғалар бойынша мемлекеттік тіркеуге жатпайтын мүлікті беру жөніндегі өзге шарттар туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі міндеті көзделген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 26-бабы 13) тармағының 5) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында әзірленген. Бүгінгі күнде ұсынылған мәліметтерде талап ету құқығын сатып алу құны туралы мәлімет жоқ. Бұл ретте, Салық кодексінің 335-бабына сәйкес талапты, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үй ғимаратындағы үлесті басқаға беруден түсетін кірісті есептеу үшін жеке тұлғаның осындай құқыққа ие болған құны туралы мәліметтер қажет. Осыған байланысты аталған түзету енгізілді.