
«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы жобасына баспасөз-релизі
«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы (пилоттық жоба)» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары–Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 1084 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы жобасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 68-бабы 1-1-тармағына сәйкес әзірленді.
Аталған бұйрықтың жобасын дайындау мақсаты Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінде жалған электрондық шот-фактуралар жазып беретін бір күндік фирмалардың қызметін шектеу бөлігінде кедендік әкімшілендіруді жетілдіру мәселелері бойынша берген тапсырмасын орындау, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау.
Бұйрық жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.
Бұл жоба нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында http://legalacts.egov.kz 2022 жылдың 1 сәуірде орналастырылған.
Жобаны жариялы талқылау мерзімі – 2022 жылдың 15 сәуірге дейін