Салықтық реттеу мәселелері бойынша реттегіш актілерді талдау (қайта қарау) бойынша Баспасөз релизі
Қаржы министрлігі 2022 жылғы қыркүйекте «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдерінің қатысуымен Салық және кедендік реттеу мәселелері бойынша реттеушілік актілерге талдау (қайта қарау) жүргізу үшін кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының 3 отырысын өткізді.
Қазақстан Республикасының келесі Заңдарын талдау нәтижелері бойынша:
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» - кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 12 міндетті талап;
«Трансферттік баға белгілеу туралы» - кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 33 міндетті талап;
«Оңалту және банкроттық туралы» - кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 78 міндетті талап;
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» – кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын 42 міндетті талап.
Көрсетілген талаптар Қазақстандағы бизнес ахуалды жақсартуды қамтамасыз ету үшін жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша жұмыс тобы мыналарды анықтады: «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» – базалық талаптарға сәйкес келетін 16 талап, оның ішінде қойма үй-жайларында тек этил спирті және (немесе) алкоголь өнімі үшін сақтауды болдырмау бөлігінде өзгерістерді, сондай-ақ «маркалы шараптар», «коллекциялық шараптар», «еркін қоймалар».
«Темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» – базалық талаптарға сәйкес келетін 24 талап, оның ішінде 1 талап темекі өнімдеріне ілеспе жүкқұжаттарды жазып беру және акциздік таңбалармен таңбалау бөлігінде өзгертуді талап етеді және темекі өнімдеріне ДСН-кодтарды беру артық талап болып табылатындықтан 1 Алып тастау талап етіледі.