«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің  кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы  Үкіметінің қаулы жобасына  БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы

Үкіметінің қаулы жобасына

БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ

Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 88/01 бірлескен қаулысына және Қарағанды облыстық мәслихатының
2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 127 шешіміне сәйкес келтіру мақсатында, Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы болып қайта аталды.

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын республикалық заңды тұлғаларды, ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді, ұлттық компанияларды, сондай-ақ өзге де акционерлік қоғамдарды және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешімдер қабылдайды.

Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Октябрь ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталуы көзделген.

 

Қаулының жобасы 2022 жылғы 11 ақпанда https:// https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13999054 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы            25 ақпанға дейін.