«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулы жобасына
БАСПАСӨЗ– РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 585 қаулысымен бекітілген Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарының 40 және 41-тармақтарына сәйкес мемлекеттік шекарада бақылаушы органдарының өкілдерін орналастырумен инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттеріне қашықтықтан талдау жүргізу және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік жете тексеруді жүргізуді бақылау үшін Бас диспетчерлік басқарма құру көзделген.
Осыған байланысты, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына енгізу бастамашылық етілді.
Жобаны қабылдау БДБ құруға мүмкіндік береді, оның шеңберінде өткізу пункттеріндегі барлық инфрақұрылымдық мәселелер шешілетін және шекарадан кесіп өту кезінде бақылаудың түрлерін жүргізудің барлық бизнес-процессін автоматтандыру бойынша міндеттер іске асырылатын болады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді, өз кезегінде өткізу пункттерінің өткізу мүмкіндіктерін ұлғайтады, автомобиль өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүргізу уақытын қысқартарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің штат саны лимитін сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.
Қаулының жобасы 2022 жылғы 18 қаңтарда https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13960760 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.
Қаулының жобасын жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылғы 1 ақпанға дейін.