
АҢДАТПА! Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өтеді
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналинов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында азаматтар Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысына салықтарды төлеу, салықтық және кедендік әкімшілендіру, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіндегі өзге де мәселелер бойынша сұрақтарды қоя алады.
Өткізілу уақыты:
2022 жылғы 23 қыркүйек, сағ.: 11:00.
Өткізілу орны:
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, «Ақсукент» ауылы, Абылайхан көшесі, 71-үй, Сайрам аудандық мәдениет үйінің ғимараты.
Анықтама үшін телефон:
(8 – 7253)357-652