
Қостанай облысында белгісіз біреу өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, тексеру жүргізіп, ақша бопсалаған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сенім телефонына Қостанай қаласында белгісіз тұлға өзін салық қызметкері ретінде таныстырып, фискалдық чектердің берілуін тексереді, тексеру жүргізу арқылы кәсіпкерлерге қауіп төндіреді, ақша бопсалайды деген дабыл түсті.
Мемлекеттік кірістер комитеті аталған тұлғаның мемлекеттік кірістер органдарына еш қатысы жоқ екенін хабарлайды.
Салықтық тексеру, тексеруге жататын мәселелер көрсетілген нұсқама негізінде жүргізілетініне назарларыңызды аударамыз.
Сондай-ақ, Комитет Салық кодексінің 156-бабының 1,2-тармақшаларына сәйкес салық төлеуші салықтық тексеру жүргізу кезінде:
Егер Сіз қызметкерлер тарапынан немесе мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері болып табылатын тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерге, дөрекілікке, заңсыз талаптарға, бопсалап ақша алушылыққа және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың басқа да белгілеріне тап болсаңыз, 8-7172-71-80-05 нөміріне немесе аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің сенім телефон нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз (https://kgd.gov.kz/kk/content/senim-telefondary-1).
Сақ болыңыз!