
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, ҚР Жоғарғы Сотының және Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының "Салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері" тақырыбындағы бірлескен конференциясы 14 ақпанда Алматы қаласында өтеді.
БАҚ-ты аккредиттеу: +7 (7272) 67 69 97, 8 708 371 40 80 телефондары бойынша және a.bekeeva@kgd.gov.kz электрондық мекен-жайы бойынша 13 ақпан сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.
Конференция аясында камералдық бақылау кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасының нормаларын қолдану бойынша өзекті мәселелері, тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылауды жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі және басқа да мәселелер талқыланады.
Конференция бағдарламасы:
|
08:30-09:00 |
Қатысушыларды тіркеу |
|
09:00-09:05 |
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы басқарушы кеңесінің төрағасы Жаннат Жұрғалиқызы Ертілесованың кіріспе сөзі |
|
09:05-09:10 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасы төрағасы Айгүл Қуанышбайқызы Қыдырбаеваның кіріспе сөзі |
|
09:10-09:15 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің кіріспе сөзі |
|
09:15-09:30 |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Вице-министрі Тәкиев Мәди Төкешұлының кіріспе сөзі «Қазақстан Республикасының салық заңнамасының өзекті өзгерістері» |
|
09:30 - 9:45 |
Сұрақ-жауаптар |
|
9:45-10:00 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының судьясы Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызының кіріспе сөзі «Камералдық бақылау нәтижелеріне шағымданудың кейбір мәселелері» |
|
10:00 - 10:15 |
Сұрақ-жауаптар |
|
10:15 - 10:30 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Іңкәрбаев Жайдар Дабырұлының кіріспе сөзі «Камералдық бақылаудың тиімділігін арттыру» |
|
10:30 - 10:45 |
Сұрақ-жауаптар |
|
10:45 - 11:15 |
Кофе брейк |
|
11:15 - 11:30 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Архарова Жанылсын Баянқызының кіріспе сөзі «Кеден заңнамасы мен кедендік даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу» |
11:30 – 11:45 |
Сұрақ-жауаптар |
|
11:45-12:00 |
Кедендік әдіснама департаментінің директоры Рахимов Қуат Жеңісұлының кіріспе сөзі «Кедендік құнды бақылаудың, кедендік әкелу баждарының ставкаларын жіктеудің, декларациялаудың және қолданудың проблемалық мәселелері» |
|
12:00 -12:15 |
Сұрақ-жауаптар |
|
12:15-12:30 |
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Қайыпжан Нұржан Үсіпханұлының кіріспе сөзі «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде өткізбей жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы дауларды қараудың сот практикасы» |
|
12:30-12:45 |
Сұрақ-жауаптар |
|
12:45-13:00 |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Заң басқармасының басшысы Абдрахманов Ораз Аманұлының кіріспе сөзі «Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді іс жүзінде өткізбей мәмілелерді табу кезіндегі салықтық әкімшілендіру практикасы». |
|
13:00-13:15 |
Сұрақ-жауаптар |
|
13:15-13:25 |
Конференция қорытындысын шығару |
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және мамандандырылған сот алқасының мүшелері, Ұлттық экономика министрлігінің, Қаржы министрлігінің, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылары, қалалық, облыстық соттардың судьялары, аймақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің, басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен салық төлеушілер қатысады. Барлығы 1000 адам қатысу жоспарлануда.
Конференцияға қатысу тегін
Іс-шараны өткізу күні: 2020 жылдың 14 ақпанында, 08:30 - 13:25
Өткізу орны: Алматы қ., Сейфуллин д. 506/99
«Rixos Almaty» қонақ үйі