
2020 жылдың 3-7 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталықтың қызметкерлері үшін "ЕАЭО және ҚР кедендік заңнамасын түсіндіру" тақырыбы бойынша күндізгі семинар өткізілді.
Ахуалдық орталықтың негізгі атқаратын қызметі мемлекеттік кірістер құрылымдық органдарының кедендік операцияларды өткізуді мониторингтау болып табылады; Инспекциялық тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) бейнесуреттерін талдау; ИТК қолдану арқылы көлік құралдарына техникалық сканерлеу жүргізуді мониторингтау және ИТК бейнесуреттерін талдау негізінде кедендік тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдау; өткізу пункттерінде кедендік тексерулерді жүргізу бейнежазбаларын мониторингтау.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.