Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысымен танысты

Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысымен танысты

Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексімен жұмыс шеңберінде 2020 жылғы 27 қаңтарда Сенат пен Мәжілістің бірқатар депутаттары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне келді. Парламент Сенатының депутаты Дуйсембаев Ғұмар Исламұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары Қожахметов Арман Төлешұлы, Магеррамов Магеррам Мамедович, Олейник Василий Иванович, Никитинская Екатерина Сергеевна, ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының қызметкері Мамыров Асқар Серікұлы, ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының қызметкерлері Ахметова Айнұр Бектасқызы, Қақабай Ерқанат Амантайұлы, Жоғарғы Соттың өкілі Шәмшінұрова Салтанат Мұратқызы, ҚР Әділет министрлігінің қызметкерлері Сүлейменов Думан Ағжанұлы, Байбұлов Данат Болатұлы, Абдуллина Әсел Еркінбекқызы, Аңсарова Ирина Ынтымаққызы.

Іс-шара барысында ҚР ҚМ МКК төрағасы Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев құрылымдық бөлімшелердің ағымдағы жұмысымен таныстырды. Ең алдымен, байланыс орталығы таныстырылды. Байланыс орталығында Комитет қызметкерлерінің Республика азаматтарымен 1414 нөмірі бойынша азаматтардың немесе заңды тұлғалардың қызықтыратын мәселелерін түсіндіру үшін онлайн байланыс арқылы қарым-қатынасы көрсетілді. 2019 жылы байланыс орталығына барлығы 300 815 өтініш келіп түсті. Бір оператор күніне қабылдаған қоңыраулардың орташа саны - 94.

Сонымен қатар, Ахуалдық орталықтың жұмысы көрсетілді. Жеке кәсіпкерлерге осы орталықтың жұмысы туралы білу қажет. Себебі, жүктерді тексеру туралы барлық ақпарат, кеденаралық кірулер мен шығулар Ахуалдық орталық арқылы жүргізіледі. Енді қашықтан тексеру жүргізіледі, атап айтқанда, сканерлеу жүргізіледі, сондықтан алдау мүмкін емес. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі таныстырылды. Комитет жұмысының арқасында шекарадағы барлық әрекеттер халық алдында ашық.